Автокөлік компаниялары Ресейге экспортты тоқтатты

Неміс люкс автокөлік өндірушісі Фольксваген, BMW және Volvo Cars Ресейге көлік экспортын және Ресейдегі жергілікті өндірісті тоқтатқанын білдірді.

1789379
Автокөлік компаниялары Ресейге экспортты тоқтатты

Неміс автомобиль өндірі компаниясы Фольксваген (Volkswagen) Ресейге көлік экспортын және Ресейдегі жергілікті өндірісті тоқтатқанын білдірді.

Фольксвагеннен жасалған мәлімдемеде Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін компанияның Калуга және Нижний Новгород зауыттарындағы өндірістің екінші бір хабарламаға дейін тоқтайтыны және Ресейге көлік экспортының дереу тоқтайтыны білдірілді.

Фольксвагеннің шешімі батыс елдерінің Мәскеуге экономикалық санкцияларынан және көптеген автомобиль компанияларының Ресейдегі іс-шараларын тоқтауынан кейін жасалды.

Неміс люкс автокөлік өндірушісі BMW де Ресейге көлік экспортын және Ресейдегі жергілікті өндірісті тоқтатқанын білдірді. 

Швед автомобиль өндірушісі Volvo Cars және неміс люкс автомобиль өндірушісі Audi Ресейге көлік экспортын тоқтатқанын жариялады.

Неміс жүк көлігі өндірушісі Daimler Truck да Ресей армиясына сауытты көліктермен қамдайтын және Ресейдегі ең ірі жүк көлігі мен автобус өндіруші Камазбен ынтымақтастықты қамтыған барлық сауда байланыстарын тоқтатқанын хабарлаған болатын.

АҚШ-тағы ең ірі автомобиль өндірушілерінің бірі (АҚШ) Форд та Ресейдегі жұмыстарын тоқтатты.

Жапондық автокөлік компаниялары, соның ішінде Toyota Motor  Ресейдегі операцияларын тоқтатуды жоспарлауда. 

Honda Motor компаниясы Ресейге автокөліктер мен мотоциклдерді жөнелтуді тоқтатқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар