Еуропада табиғи газдың бағасы 14 пайызға өсті

Еуропадағы газ бағасы Украина дағдарысына байланысты 14 пайызға қымбаттады.

1778287
Еуропада табиғи газдың бағасы 14 пайызға өсті

Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің күшеюімен Еуропадағы наурыз айы фьючерстік келісімшарттарда табиғи газ бағасы 14 пайызға өсіп, 88 еуроға жетті.

Орталығы Голландияда орналасқан виртуалды табиғи газ сауда пункті болып табылатын TTF-де наурыз айындағы фьючерстік келісімшарттар өткен аптаны шамамен 77 еуролық бағамен аяқтады.

Табиғи газ келісім-шарттары аптаның алғашқы жұмыс күнінде 14 пайызға өсіп, 88 еуроға жетті. Өткен жылы осы уақытта бағалар 18 еуро деңгейінде болатын.

Еуроодақ (ЕО) елдері қазіргі уақытта табиғи газ қажеттілігінің 90 пайызын импорттайды. Ресей Еуропаға ең көп табиғи газ жеткізетін ел болып табылады.

АҚШ президенті Джо Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан кеше АҚШ әкімшілігінің Украинаға осы аптада «кез келген сәтте» Ресейдің басып кіруі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Бұл мәлімдеменің артынан энергия нарықтарында алаңдаушылық күшейген болатын.



Ұқсас жаңалықтар