Түрік текстиль фирмалары Парижде өнімдерін танытты

Бурса Сауда және өнеркәсіп палатасы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1777228
Түрік текстиль фирмалары Парижде өнімдерін танытты

Францияның бас қаласы Парижде өткен «Premiere Vision» және «Texworld» көрмелеріне қатысқан түрік фирмалары өз өнімдерін танытты.

Бурса Сауда және өнеркәсіп палатасының мәлімдемесіне қарағанда, Жаһандық жәрмеңке агенттігі жобасы аясында Еуропаның алдынғы қатарлы мата, тоқыма киім, аксессуар және сәндік көрмелерінде ең жаңа топтамаларын таныстырған түрік фирмалары үлкен қызығушылық тудырды.

Биыл 16 елден 200 қатысушымен есігін айқара ашқан Texworld көрмесінде 71 фирмамен орын алған Түркия ең мықты қатысқан ел болды.

Гибрид ретінде ұйымдастырылған және 41 елден мың 100-ге жуық қатысушы орын алған Premiere Vision көрмесінде де Түркияға 185 фирмамен өкілдік жасалды.



Ұқсас жаңалықтар