2021 туризм нысанасы орындалды

Жерорта теңізінің шығысы Халықаралық туризм және саяхат жәрмеңкесі (EMİTT) бастады.

1776161
2021 туризм нысанасы орындалды

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Түркияның туризмде 2021 жылғы нысанасының артығымен орындалғанын айтты. 

Әлемдік туризм мамандары мен демалыс тұтынушыларын Стамбулда 25-ші мәрте кездестірген Жерорта теңізінің шығысы Халықаралық туризм және саяхат жәрмеңкесі (EMİTT) бастады.

Жәрмеңкенің беташарында сөз сөйлеген Ерсой Жерорта теңізінің шығысы Халықаралық туризм және саяхат жәрмеңкесінің (EMİTT) туризм секторында жаһандық өреде бағыт сілтейтін маңызды бір организация екенін айтты.

Түркияның туризмде 2020 жылы тамаша өткенін айтқан Ерсой:

"Шетелде жақсы таныстырулар жүргізу арқылы туризмде 2021 жылы нысананы орындадық. 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 88 пайыздық артумен 30 миллион 38 мың туристі күтіп алдық. 2021 жылғы туризм кірісіміз 103 пайыздық артумен 24.5 миллиард долларға жетті" деді. 

Биыл 21 елде теледидар, 86 елде цифрлық, 15 елде 200-ден астам баспа мен жарнама компанияларының жалғасқанын айтқан Ерсой:

"60 елдің баспасөз қызметкерлері, басшылары мен тур операторларын елімізде күтіп алдық, халықаралық қатынастар іс-шараларымызды жылдамдатамыз" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар