Анталияға қаңтарда 138 мың 604 шетелдік турист келді

Анталияға қаңтарда 4 мың 570 турист жолдаған Қазақстан алғашқы бес ел арасына кірді.

1773069
Анталияға қаңтарда 138 мың 604 шетелдік турист келді

Анталияға қаңтар айында әуе жолдарымен 138 мың 604 шетелдік турист келді.

Туризмде рекордтар жылы 2019 жылдан асуды нысанаға алған Анталия 2022 жылды жақсы бастады.

Туризм саласындағы Сенімді туризм Сертификат бағдарламасы мен саяхат шаралары туристерді Анталияға бейімдеді.

43 мың 219 туриспен 36.68 пайыздық үлесті иелеген орыс туристер 2022 жылы алғашқы орынға шықты.

22 мың 38 қонақпен Германия екінші орынды иеледі. 5 мың 987 туриспен Ұлыбритания үшінші болды.

4 мың 732 туриспен Польша төртінші, 4 мың 570 туриспен Қазақстан алғашқы бес ел арасына кірді. 

Өткен жылы Түркияға саяхатты шектеген Ұлыбританияның шектемелерді жоюымен бірге ағылшын туристер Анталияға ағылды.

2021 жылы қаңтарда Анталияға келген ағылшын турист саны 123 болса, 2022 жылы қаңтарда 5 м ың 987 кісіге көбейді.



Ұқсас жаңалықтар