Түркия мен Армения арасында ұшақ рейсі басталады

Екі компания 2 ақпаннан бастап өзара рейстерді игере бастайды.

1770951
Түркия мен Армения арасында ұшақ рейсі басталады

Түркия мен Армения арасындағы рейстер 2 ақпан күні қайта басталады.

1993 жылдан бері жабық тұрған Түркия мен Армения арасында қатынас тек әуе жолымен қамданатын. Екі ел арасындағы әуе қатынасы Atlasjet компаниясының рейстерімен игерілетін еді.  Компания қаржылай проблемалар салдарынан банкрот болып 2020 жылдан бері рейстер тоқтап қалған болатын.

Түркия мен Армения өкілдері жақын арада кездесулер жүргізіп, рейстердің өзара басталуына шешім берді. Екі ел арасында тікелей рейс басталуы үшін Түркиядан Pegasus, Армениядан  FlyOne компаниялары екі елдің азаматтық авиация мекемелеріне өтініш берді.

Осы екі компания 2 ақпаннан бастап өзара рейстерді игере бастайды.

Pegasus дүйсенбі және сенбі күндері Стамбул Сабиха Гөкчен атындағы әуежайдан Ереван әуежайына, сейсенбі, жұма және жекенбі күндері болса Ереван әуежайынан Сабиха Гөкчен әуежайына рейс игереді.

FlyOne авиакомпаниясы болса дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері Ереваннан Стамбул әуежайына рейс атқарады.



Ұқсас жаңалықтар