Пластикалық өнімдер денсаулыққа зиянды

Зерттелген пластикалық өнімдердің үштен біріндегі химиялық материалдар май жасушасының дамуына ықпал ететіні анықталды.

1769394
Пластикалық өнімдер денсаулыққа зиянды

Күнделікті өмірде қолданылатын пластикалық қаптамалар артық салмақ және обырлықтың артуына себеп болатын химиялық материалдарды қамтиды.

EurekAlert-тің хабарына қарағанда "Environmental Science & Technology" атты журналда жарияланған мақалада арзандығы және заттарды сақтау уақытын ұзартуы себепті көлемді қолданылатын пластикалық қаптамаларда мыңдаған түрлі химиялық материал болатыны анықталды.

Норвегия Ғылым және технология университеті (NTNU) бастамасымен Германиядағы Гете университетінің үлесімен құрылған зерттеу тобы пластмассада қандай химиялық заттар бар екенін білу үшін йогурт құтылары, сусын бөтелкелері және асханалық тазалық материалдары сияқты күнделікті өмірде қолданылатын өнімдерді қамтыған 34 түрлі пластикалық өнімді зерттеді.

Зерттеуде өнімдерден 55 мыңнан астам химиялық құрамдастар табылды, мұның 629 түрі анықталды.

Анықталған материалдардың 11 түрі адамның зат алмасуына зиян салғаны байқалды.

Зерттелген пластикалық өнімдердің үштен біріндегі химиялық материалдар май жасушасының дамуына ықпал ететіні анықталды.

Дүниежүзінде 2 миллиард адам артық салмақ мәселесімен күресуде, мұның мөлшермен 650 миллионы семіздік категориясына кіреді.



Ұқсас жаңалықтар