Электромобильдерге инвестиция

Renault, Nissan және Mitsubishi Motors альянсы электромобильдерді бірлесіп дамытуға 23 миллиард еуро инвестиция салады.

1769558
Электромобильдерге инвестиция

Renault, Nissan және Mitsubishi Motors альянсы алдағы бес жылда электромобильдерді бірлесіп дамытуға 23 миллиард еуро (26 миллиард доллар) инвестиция салады.

Компаниялардың бірлескен мәлімдемесіне қарағанда,  Renault, Nissan және Mitsubishi альянсы «2030 электромобильдер жоспары» аясында келесі тоғыз жыл ішінде бес ортақ платформа тарапынан қолдау көретін  35 жаңа электромобиль моделін шығарады.

Белгіленген кезеңде аккумулятор өндірісінде альянс 220 гигаватт-сағ қуаттылыққа жетуді мақсат ететін стратегия ұстанады. Жоспар аясында алдағы бес жылда  бірлескен өндірістік платформаларға, батареяларға және эксплуатацияға 23 миллиард еуро инвестиция салынатыды.

Бір қызығы, басқа автомобиль өндірушілер де бұл салаға инвестициясын айтарлықтай арттырды. Toyota өткен айда электромобильдерге 70 миллиард доллар жұмсайтынын мәлімдеді. Неміс автоөндірушілері де электрлі көліктерге 150 миллиард еуродан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар