Түркия-Грекия Аралас экономикалық комиссия жиналысы өтті

Түркия-Грекия Аралас экономикалық комиссиясының 5-ші кезекті отырысы Афиныда өтті.

1767835
Түркия-Грекия Аралас экономикалық комиссия жиналысы өтті

Түркия-Грекия Аралас экономикалық комиссиясының 5-ші кезекті отырысы Афиныда Сауда министрі орынбасары Мұстафа Тузджу және Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Костантинос Франгояннистің тең төрағалығымен өтті.

Кездесуден кейін жасалған ортақ жазбаша мәлімдемеде Түркия мен Грекия арасында 2021 жылы артып жатқан сауда-экономикалық қарым-қатынастарға баса назар аударылып, осы салада қол жеткізген қарқынды сақтау және ынтымақтастық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында өткізілген жиналыстың маңызды рөл атқаратыны айтылды.

Келіссөздерден кейін қол қойылған Аралас экономикалық комиссияның 5-ші кезекті хаттамасына, екіжақты сауда-саттық қарым-қатынастар, өзара инвестициялар, Еуроодақпен (ЕО) күн тәртібіндегі сауда-саттық тақырыптар және энергетика, туризм, ауыл шаруашылығы, кеден және қатынас салаларынан бастап көптеген салада экономикалық және техникалық ынтымақтастық мүмкіндіктері көрініс тапты.

Түркия-Грекия арасындағы сауда көлемі 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда 69,2 пайызға артып, 5,2 миллиард долларға жетті.

Түркияның Грекияға экспорты болса 2021 жылы 73,3 пайыз өскенде, Түркия шамамен 1 миллиард долларлық сауда артықшылығына ие болды. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2005 жылдан бері үш есеге артты.



Ұқсас жаңалықтар