"Ресеймен келісімге келдік, нәтижесін жақында көреміз"

Иран Мұнай министрі осылай хабарлады.

1765686
"Ресеймен келісімге келдік, нәтижесін жақында көреміз"

Иран Ресеймен энергетика саласында маңызды келісімдерге қол қойғанын және жақын арада нәтижесін көретіндерін мәлімдеді.

Иранның Мұнай министрі Джавад Учи Иранның ресми агенттігі IRNA-ға берген сұхбатында Ресейдің астанасы Мәскеуде ресейлік әріптесі Николай Шульгиновпен кездесуі туралы ақпарат берді.

Учи бір ай бұрын жан-жақты энергетикалық жоспар дайындап, ресейлік компанияларға ұсынғандарын айтты.

"Ресеймен энергетика саласында маңызды келісімдерге қол қойылды. Ресейдің көптеген ірі компанияларымен мұнай және табиғи газ кен орындарын кеңейту, мұнай өңдеу зауыттарын құру және технологиялар трансфері бойынша жақсы келісімдер жасалды" деді ол.

Учи Ресей билігімен және энергетикалық компаниялармен жасаған келісімдерінің нәтижесін жақын арада көретіндерін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар