"Түрік ақсеркесі" 12 елге экспорт етілді

2021 жылы "Түрік ақсеркесі" атымен маркаға айналған ақсерке балығы экспорты артты.

1764541
"Түрік ақсеркесі" 12 елге экспорт етілді

Трабзон мен Ризедегі компаниялар 12 елге 6 мың 776 тонна түрік ақсерке балығын экспорт етті.

Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар одағынан жасалған мәлімдемеде шетел нарқында "Түрік ақсеркесі" атымен маркаға айналған ақсерке балығы экспортының артқаны хабарланды.

Трабзон мен Ризеден 2021 жылы 12 елге 6 мың 776 тонна түрік ақсерке балығы экспортынан 35.5 миллион доллар кіріс кіргені білдірілген мәлімдемеде ең үлкен нарықтың Ресей, Вьетнам, Жапония және Қытай екені хабарланды.

Жаңа ашылған экспорт нарқы арасында АҚШ, Канада және Тайланд елдері орын алды.



Ұқсас жаңалықтар