Түрік авиакомпаниясынан жеңілдік науқаны

THY Балқан, Кавказ елдеріне арзан бағамен саяхаттауды ұсынады.

1763762
Түрік авиакомпаниясынан жеңілдік науқаны

Түрік әуе жолдары (THY) Түркия Республикасының азаматтарына Шығыс Еуропа мен Балқан елдерінің көптеген бағыттарына, соның ішінде виза немесе төлқұжат талап етілмейтін қалаларға науқандық бағамен саяхаттау мүмкіндігін ұсынады.

THY баспасөз қызметінің мәлімдемесіне қарағанда, шектеулі орын санына арналған науқан 17-27 қаңтар аралығында сатып алынған билеттерде қолданылады.

Осы күндері билет сатып алғандар 24 қаңтар мен 7 маусым аралығында Балқанда Бухарест, Констанца, Скопье және Приштинаға 109 доллар, София, Варна, Клуж, Загреб, Любляна, Дубровник және Сараевоға 119 доллар, Белград пен Кишиневке 129 доллар, Подгорицаға 139 доллар, Кавказда Тбилисиге 129 доллар, Батумиге 119 доллар, Бакуге 199 доллар, Гянджа мен Нахчыванға 169 доллар, Украинада Харьков, Николаев және Запорожьеге 129 доллар, Одесса мен Львовқа 139 доллардан, Киевке 159 доллардан ұшады.



Ұқсас жаңалықтар