Кеме мен яхта экспорты артты

Сектордың 5 жылдық экспортында 1 миллиард 646 миллион 901 мың доллармен Норвегия бірінші орынды иеледі.

1762175
Кеме мен яхта экспорты артты

Түркияның  кеме, яхта және қызмет өтеу секторындағы экспорты 5 жылда 6.4 миллиард долларға жетті, ең көп экспорт 1 миллиард 647 миллион доллармен Норвегияға жасалды.

Экспортшылар Мәжілісінің санағына қарағанда Түркияның  кеме, яхта және қызмет өтеу секторындағы экспорты 2021 жылы бір миллиард 626 миллиаон 377 мың долларға жетті. 2017-2021 жылдардағы экспорт  6 миллиард 372 миллион 397 мың доллар болды.

Сектордың 5 жылдық экспортында 1 миллиард 646 миллион 901 мың доллармен Норвегия бірінші орынды иеледі.

589 миллион 941 мың доллармен Маршалл аралдары екінші, 513 миллион 410 мың доллармен Малта үшінші, 346 миллион 382 мың доллармен Ресей төртінші, 152 миллион 642 мың доллармен Франция бесінші орынды иеледі.

Бұл үдерісте Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) 114 миллион 821 мың долларлық, Қытайға 101 миллион 412 мың долларлық экспорт жасалды.



Ұқсас жаңалықтар