Түркияның велосипед экспорты артты

Жасыл әлемде өмір сүру қажеттілігі экологиялық таза көлік құралына, велосипедке деген сұранысты арттырады.

1761541
Түркияның велосипед экспорты артты

Түркияның өткен жылғы  велосипед экспорты алдыңғы жылмен салыстырғанда 48 пайыз артып, 136 миллион 745 мың долларға ұласты.  

Эгей Экспортшылар одағының көрсеткіштеріне қарағанда түрік фирмалары 2020 жылы Голландия, Германия, Франция, Финляндия, Ұлыбритания, Италия және Испания сынды Еуропа елдеріне  92 миллион 367 мың долларлық велосипед экспортын жасады. 

2021 жылы экспортын өткен жылмен салыстырғанда 48 пайызға көтерген түрік велосипед секторы 110 елге 136 миллион 745 мың долларлық веловипед сатты.

Экологиялық таза көлік құралы--велосипед экспортта рекордқа жетуде. Жасыл әлемде өмір сүру қажеттілігі экологиялық таза көлік құралына, велосипедке деген сұранысты арттырады. 

 



Ұқсас жаңалықтар