"Бірлік болсақ, алмайтын асу жоқ"

Президент ASKON жиналысында сөз сөйледі.

1755244
"Бірлік болсақ, алмайтын асу жоқ"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия экономикасын өсім бағытына бағыттау үшін күрес жүргізгендерін айтты.

«Енді бар күшімізді және мүмкіндіктерімізді жұмысқа орналастыру мен тұрақтылықты негізге алған жаңа экономиканы орнықтыруға және дамытуға жұмсаймыз. Экономика түсінігімізді мына екі ұғымға шоғырландырдық: Сенім және тұрақтылық» деді ол.

Президент Ердоған Стамбулда Чыраган сарайында Анадолы Арыстандары Бизнесмендер қоғамы ASKON-ның жиналысында сөз сөйледі.

«Құдайға шүкір, бюджетте ешбір кемшілігіміз жоқ. Тіпті көзделгеннен де жақсы нәтижелермен жауып жатырмыз» деді ол.

Президент: «Осы күреске әрқайсымыз беретін бір қолдау бар.  Біз бірлік болсақ алмайтын асу, өте алмайтын тұзақ жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар