Түркияның сыртқы саудасы өсуде

Түркия қараша айында Италияға айлық рекордын 1 миллиард 39 миллион долларға көтерді.

1745185
Түркияның сыртқы саудасы өсуде

Түркия Экспортшылар Мәжілісінің санағына қарағанда Түркияның экспорты өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 33,4 пайыз артып, 21 миллиард 468,5 миллион долларға көтерілді. 

Түркия Италияға қазан айында 1 миллиард 26,1 миллион доллар болған айлық экспорт рекордын қараша айында 1 миллиард 39 миллион долларға көтерді. 

Осылайша Италия қараша айында Түркияның ең көп экспорт жасаған 4-ші елі ретінде тіркелді. 

Қараша айында Түркияның ең көп сыртқы сауда жасаған үш ел болса 1 миллиард 618,5 миллион доллармен Германия,  1 миллиард  436,8 миллион доллармен Біріккен Араб Әмірліктері, 1 миллиард 192,6 миллион доллармен Америка Құрама Штаттары. 

 



Ұқсас жаңалықтар