Түркияның жиһаз экспорты артты

Түркия үй жиһаздары экспортында әлемде 6-шы орынға шықты.

1743224
Түркияның жиһаз экспорты артты

Үй жиһаздарын өндіру мен экспорт етуде 6-шы орынға көтерілген Түркия әлем үй жиһаздары экспортының 3 пайызын иеледі.

Анкара Үй жиһазы қолөнершілер палатасы мен Елмадаг Үй жтһаздары организация өнеркәсіп аймағының төрағасы Хусейн Таклажы үй жиһаздары секторындағы экспортқа байланысты жазбаша мәлімдеме жариялады.

Хусейн Таклажы:

"Үй жиһаздарын өндіру мен экспорт етуде 6-шы орынға көтерілдік. Әлем үй жиһаздары экспортының 3 пайызын иеледік. Биылғы 11 айда өткен жылмен салыстырғанда 25 пайыздық артумен 3.9 миллиард долларлық экспорт жасадық" деді.

Хусейн Таклажы 2021 жылы әлем үй жиһаздары экспортында алғашқы 6-шы орынға көтерілуді нысанаға алғандарын, мұның ерте орындалғанын айтып, жылдың соңында алғашқы 5 жиһаз экспорт елдің бірі болуға жақындадағандарын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар