Қытай "Boeing 737 Max" ұшағына рұқсат берді

АҚШ 2020 жылы желтоқсанда, Еуропа 2021 жылы қаңтарда сауда ұшақтары  рейсіне рұқсат берген еді.

1742246
Қытай "Boeing 737 Max" ұшағына рұқсат берді

Қытай 2018-2019 жылдардағы екі ауыр апаттан кейін ұшуға тыйым салынған "Boeing 737 Max" типті ұшақтарды қайта қолдануды мақұлдады.

Қытай Азаматтық Авиация басқармасынан жасалған мәлімдемеде апатқа себеп болған автоматты ұшуды бақылау жүйесіндегі қателіктердің  қосымша бағдарламалық құралмен жөнделуінен кейін рейске бастайтыны білдірілді.

Мәлімдемеде нарықтық рейстер басталудан бұрын Қытай ұшқыштарының жүйеге байланысты жаңа жаттығудан өтуі керектігі де хабарланды.

Қытай АҚШ, Еуропа, Бразилия және Канададан кейін "Boeing 737 Max" типті ұшақтарды қайта қолдануды мақұлдаған, кең көлемді авиация нарқына ие соңғы ел болды.

АҚШ 2020 жылы желтоқсанда, Еуропа 2021 жылы қаңтарда сауда ұшақтары  рейсіне рұқсат берген еді.

Boeing ұшақтарының ең көп сатылған үлгісі "737 Max" типті ұшақтардың автоматты  бақылау жүйесіндегі қателіктер себепті 2018 және 2019 жылы 5 айда болған екі апатта  346 адам қаза тапқанболатын.



Ұқсас жаңалықтар