Газпром мен Молдова келісті

Бұл туралы Куприянов мәлімдеді.

1738227
Газпром мен Молдова келісті

Ресейлік Газпром компаниясының өкілі Сергей Куприянов келісім бойынша төлем жасамаған Молдоваға табиғи газ тасымалдауды тоқтатпау туралы шешім қабылдағандарын жариялады.

Ел астанасы Мәскеуде журналистерге берген сұхбатында Куприянов Молдованың Газпромға өтініш жасағанын және табиғи газ тасымалдауының тоқтатылмауын талап еткенін білдірді.

"Біз Молдоваға қарызын төлеуге берілген уақытты ұзарту туралы шешім қабылдадық. Молдова өз қарызын 26 қарашада төлеуге міндеттенді", - деді ол.

Куприянов Молдова алдағы төлемдерде келісім-шартты сақтайды деп күтетіндерін атап өтті.

Газпром 22 қарашада жасаған мәлімдемесінде төлем жасалмағандықтан Молдоваға табиғи газ тасымалының 48 сағат ішінде тоқтатылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар