Түркия ЭКСПО 2025-ке шақырылды

ЭКСПО 2025-тің 2025 жылы 13 сәуір мен 13 қазан арасында Осака қаласының Юмешима аймағында өткізілетінін айтты.

1736636
Түркия ЭКСПО 2025-ке шақырылды

Жапония Министрлер Кабинетінің Бас Хатшылығы Халықаралық жәрмеңкені насихаттау орталығының хатшысы Накано Такеши 2025 жылы Осака қаласында  ұйымдастырылатын Бүкіләлемдік ЭКСПО көрмесіне Түркияның шақырылғанын хабарлады.

Накано Такеши:

"Түркияның әлемді таң қалдырарлық өреде қатысуын күтудеміз. Түркия көрмеге қатысатынын жақында жариялауы мүмкін. Тек  компаниялардың ғана емес, түрік халқының да Жапонияға сапарлай келуін күтеміз" деді. 

Накано Такеши интернет арқылы жариялаған мәлімдемесінде ЭКСПО 2025-тің 2025 жылы 13 сәуір мен 13 қазан арасында Осака қаласының Юмешима аймағында өткізілетінін айтты.

Накана көрменің "Өміріміз үшін болашақ қоғамды жобалау" тақырыбымен ұйымдастырылатынын, "Өмірді құтқару, өмірді күшейту, өмірді жалғастыру" қосымша тақырыптарының қолданылатынын білдірді. 

Накано Такеши:

"Көптеген елді шақырдық. Нысанамыз - 150 ел мен 25 халықаралық ұйымның қатысуын қамдау. Бүгінге дейін 63 ел мен 5 халықаралық  ұйым көрмеге қатысатынын жариялады" деп хабарлады.

Бүкіл әлемнен қатысу күткендерін айтқан Накано:

"28 миллион 200 мың кісінің ЭКСПО 2025-те көрмеге сапарлай келуін күтудеміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар