ЕП босқындарға 150 миллион евро қаржы бөлді

150 миллион евролық қаржы Түркиядағы босқындар үшін жүргізілген "Әлеуметтік үйлесім жәрдем бағдарламасына" беріледі.

1735779
ЕП босқындарға 150 миллион евро қаржы бөлді

Еуропа Парламентінің бюджет комитеті Түркиядағы босқындарды қолдау мақсатымен жүргізілген бағдарламаға 150 миллион евролық қосымша қаржы бөлуді мақұлдады.

Еуропа Парламентінің бюджет комитеті Еуропа Одағының 2021 бюджетіне өзгеріс енгізіп, Түркиядағы сириялық босқындарға қосымша гуманитарлық қолдау беру шешімін 29 "мақұл" дауыспен қабылдағанын жариялады.

Түркияның мөлшермен 3.7 миллион сириялық босқынға үй иесі болғаны ескертілген мәлімдемеде аталмыш бюджет өзгерісінің қорғансыз адамдарға берілген гуманитарлық жәрдемнің жалғасуын мақсат еткені білдірілді.

Мәлімдемеде аталмыш өзгеріс арқылы 150 миллион евролық қаржының Түркиядағы босқындар үшін жүргізілген "Әлеуметтік үйлесім жәрдем бағдарламасы" аясындағы ақшалай қолдауды қамдайтыны атап көрсетілді.

Бюджет өзгерісінің атқарылуы үшін Еуропа Парламенті Жалпы Кеңсінің мақұлдауы қажетті.  



Ұқсас жаңалықтар