Үлкен жиырмалық елдері ең төменгі салық келісімін мақұлдады

АҚШ Қазына министрі Джанет Йеллен тақырыппен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

1727004
Үлкен жиырмалық елдері ең төменгі салық келісімін мақұлдады

Әлемнің ең ірі 20 экономикасының (Үлкен жиырмалық) көшбасшылары Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) көпұлтты компаниялар үшін жаһандық көлемдегі ең төменгі салық туралы келісімін мақұлдады.

Италияның бас қаласы Римде ұйымдастырылған Үлкен жиырмалық көшбасшылар саммитіне қатысқан АҚШ Қазына министрі Джанет Йеллен жазбаша мәлімдемесінде ЭЫДҰ-ның көпұлтты компаниялары бар елдерде 2023 жылдан бастап кемінде 15 пайыз салық салу туралы 136 ел қабылдаған келісімді бекіткендерін білдірді.

Үлкен жиырмалық елдері көшбасшыларының «жаһандық ең төменгі салықты қоса алғанда, жаңа халықаралық салық ережелері туралы тарихи келісімді» бекіткендерін тілге тиек еткен Йеллен ең төменгі салықты бекіту АҚШ компаниялары мен олардың қызметкерлеріне «пайда» әкелетінін атап көрсетті.

Йеллен «Бұл мәміле жаһандық экономиканы американдық іскерлер мен жұмысшылар үшін тиімдірек орынға айналдырады» деді.

ЭЫДҰ 8 қазан күні араларында АҚШ, Қытай, Германия, Франция, Англия, Жапония және Түркия да бар жаһандық жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 90 пайыздан астамын құрайтын 136 елдің халықаралық салық реформасы туралы келісімге қол қойғанын жариялаған еді.

Келісім Google, Amazon, Microsoft және Facebook сияқты интернет-компанияларына қоса жаһандық компаниялардың 2023 жылынан бастап кемінде 15 пайыздық салық мөлшерлемесі салынуын қамтамасыз етеді.

Аталмыш келісімнің көпұлтты компаниялардың Ирландия мен Венгрия сияқты тартымды салық мөлшерлемелері ұсынатын елдерде орталықтарын ашып, салықтан жалтаруын қиындатады деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар