Ердоған Анголада экономикаға тоқталды

Ердоған: "2021 жылы 9 пайыздық өсуді іске асыруды межелеудеміз" деді.

1721395
Ердоған Анголада экономикаға тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның 2021 жылды 9 пайыздық өсумен аяқтауын күткендерін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен барған Анголада Түркия-Ангола Бизнес форумында баяндама жасады.

Түркия-Ангола қарым-қатынастарының маңызды өреге көтерілуіне мән бергендерін айтқан Ердоған:

"Анголадағы кездесулерімізде экономикалық және сауда байланыстарын қолға алдық. Екі жақтылы сауданы 500 миллион долларға жеткізуге шешім қабылдадық. Еліміздің мықты денсаулық сақтау инфрақұрылымынан пайдаланған африкалық қонақтарымыздың саны недәуір артты" деп көрсетті.

Үлкен-20 мүшесі Түркия мен Африканың көтерілген жұлдызы Анголаның қарым-қатынастарын дамытудың кешігуі өкінішті екенін айтқан Ердоған өзара сапарлармен тарихи қадам басылғанын ескертті.

Түркия экономикасындағы өсуге тоқталған Ердоған:

"2021 жылы 9 пайыздық өсуді іске асыруды межелеудеміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар