Италияның беделді авиакомпаниясы жұмысын тоқтатты

Атақты авиакомпания банкротқа ұшырады.

1720024
Италияның беделді авиакомпаниясы жұмысын тоқтатты

Италияның 75 жылдық авиакомпаниясы Alitalia ісін тоқтатты.

Компания соңғы рейсін Каглиари қаласынан Римге игерді. Ұшақ Рим әуежайына барып қонғаннан кейін оның жұмысы тоқтады.

1946 жылы құрылып, 1960 жылдары Еуропаның беделді авиакомпанияларының қатарына енген Alitalia соңғы отыз жылда қаржылай қиыншылықтар шеккен еді. Италия үкіметі бірнеше мәрте қаржылай көмек беріп, компанияның банкротқа ұшырауына кедергі болды.

2020 жылы басталған коронавирус пандемиясы мен карантиндер авиакомпанияның жұмысын одан әрі қиындата түсті.

Ақпан айында билікке келген үкімет авиакомпанияның құтқару сұраныстарына жауап бермеді.  Бұл да 75 жылдық компанияның соңы болды.

Alitalia жабылғаннан кейін 720 миллион евролық инвестицияен жаңадан құрылған ITA осы елдің ресми авиакомпаниясы болады.

Италия авиа транспорты деген мағынаға келетін "Italia Trasporto Aero"-ның қысқартылған түрі  ITA атын алған жаңа компания алғашқы ресми рейсін ертең игереді.



Ұқсас жаңалықтар