Түркия Қазақстандағы инвестицияларын ең көп арттырған үшінші ел

Түркия Қазақстанға 388,7 миллион доллар құнында инвестиция салды.

1716746
Түркия Қазақстандағы инвестицияларын ең көп арттырған үшінші ел

Түркия Америка Құрама Штаттары және Швейцариядан кейін Қазақстандағы инвестицияларын ең көп арттырған үшінші ел.

Қазақстан Ұлттық Банкінің көрсеткіштеріне қарағанда осы жылдың алғашқы жартысында елге тікелей салған шетелдік инвестиция деңгейі 2020 жылының бірдей мезгілімен салыстырғанда 30 пайыз артты.

Аталмыш мезгілде Қазақстанға шетелден 11,1 миллиард доллар құнында инвестиция салынды.

Осы мерзімде Түркия Қазақстанға 388,7 миллион доллар құнында инвестиция салды. Осылайша өткен жылмен салыстырғанда Түркияның Қазақстанға жасаған инвестициясы 79,9 пайыз артты.

Түркия АҚШ және Швейцариядан кейін Қазақстандағы инвестицияларын ең көп арттырған үшінші ел.

Осы жылдың алғашқы ширегінде Қазақстанға ең көп инвестиция салған елдер ретімен Голландия, АҚШ, Швейцария, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Бельгия, Түркия, Франция мен Оңтүстік Корея .

 



Ұқсас жаңалықтар