Цифрлық түрік лирасы үшін алғашқы қадам

Орталық банк цифрлық түрік лирасы үшін алғашқы қадамды басты.

1706526
Цифрлық түрік лирасы үшін алғашқы қадам

Орталық банк цифрлық түрік лирасы үшін алғашқы қадамды басты.

Түркия Республикасының Орталық банкі (ТРОБ) цифрлық түрік лирасы үшін алғашқы шараны қабылдады.

ТРОБ Әскери электроника өнеркәсібі ASELSAN, әуе электроникасы өнеркәсібі HAVELSAN және Түркияның ғылыми-технологиялық зерттеулер кеңесі TÜBİTAK-BİLGEM арасында өзара меморандумға қол қою арқылы «Цифрлық түрік лирасы ынтымақтастық платформасы»       құрылғанын хабарлады.

ТРОБ цифрлық түрік лирасы жобасының бірінші кезеңінің нәтижелері 2022 жылы жұртшылықпен бөлісілетінін білдірді.

Пилоттық бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңі аясында Орталық банкте «Цифрлық түрік лиралық желісі» прототипі құрылады, ал технологияның мүдделі тараптарымен пилоттық тестілеу жүргізіледі. Алынған нәтижелерге сәйкес кеңейтілген пилоттық сынақтар жүргізіледі.



Ұқсас жаңалықтар