Шетелдіктерге сатылған үй саны артты

Түркия Статистика мекемесі тамыз айының тұрғын үй саудасы деректерін жариялады.

1706193
Шетелдіктерге сатылған үй саны артты

Түркия көлемінде шетелдіктерге сатылған тұрғын үй саны тамыз айында 50,7 пайыз артты.

Түркия Статистика мекемесі тамыз айының тұрғын үй саудасы деректерін жариялады.

Түркияда тамыз айында шетел азаматтары 5 мың 866 үй сатып алды. Шетелдіктерге сатылған үй санында Стамбул бірінші орын алды.  Тамыз айында Стамбулда шетелдіктерге 2 мың 729 үй сатылды.  Осы қаладан кейін кезегімен 976 үймен Анталия, 400 үймен Анкара, 242 үймен Мерсин және 233 үймен Ялова келеді.

Қаңтар және тамыз айлары арасында шетелдіктерге үй саудасы былтырғы жылмен салыстырғанда 47,6 пайыз артты. Осы айларда шетелдіктерге барлығы 30 мың 849 үй сатылды.



Ұқсас жаңалықтар