Тойота әлемдік автокөлік өндірісін қысқартады

«Тойота мотор» автокөлік компаниясы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1705624
Тойота әлемдік автокөлік өндірісін қысқартады

«Тойота мотор» автокөлік компаниясы жаңа типтегі коронавирустың (ковид-19) кері әсерінен жартылай өткізгішті чиптермен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты ағымдағы қаржы жылы жаһандық автокөлік өндірісін азайтады.

Бүкіл әлемде смартфоннан планшетке, 5G желілік жабдықтарынан ойын консольдеріне чиптерге сұраныс артқан соң автокөлік өндірушілерінің жеткізу тапшылығы жалғасуда.

Тойота жартылай өткізгішті чиптермен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты араларында Малайзия мен Вьетнам да бар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кең тараған ковид-19 эпидемиясының өндіріске теріс әсер еткенін хабарлады.

Жапондық компания жасаған мәлімдемеге қарағанда Тойота чиптердің жеткізілімі мен эпидемияның кері әсеріне байланысты 2021 қаржы жылы аясында жаһандық автокөлік өндірісі жоспарын 300 мыңға қысқартады.

Өндіруші компания жаңа болжаммен осы қаржы жылында жаһандық тұрғыдан шамамен 9 миллион көлік өндіруді көздейді.

Бұл нысана алдында 9,3 миллион деп жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар