Satellite 2021 көрмесі ашылды

Көрмеге Түркия атынан Türksat, TUSAŞ пен PROFEN фирмалары қатысып отыр.

1705050
Satellite 2021 көрмесі ашылды

Америка Құрама Шттарында ұйымдастырылған әлемнің ең ірі жасанды серік көрмесі Satellite 2021 кеше басталды.

 Көрмені Түркияның АҚШ-тағы өкілетті елшісі Мурат Мержан мен ТР Қатынас және инфрақұрылым министрінің орынбасары Өмер Фарук Саян ашты.  

Көрмеге Түркия атынан жасанды серік саласында жұмыс істейтін Türksat, Түрік Авиация және ғарыш өнеркәсібі TUSAŞ пен PROFEN фирмалары қатысып отыр.

Алғашқы күні Түркия елшілігінде қонағасы берілді.

Осында сөйлеген сөзінде Мурат Мержан Түркияның ғарыш және спутника саласындағы жетістіктеріне қуанатындарын тілге тиек етті. Өмер Фарук Саян да соңғы 20 жылда Түркияның технологияда үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін айтты. «Осында Türksat, TUSAŞ және PROFEN секілді осы саланың жетекшілерінің табандылығына қуаныштымын. Осы салада одан да ірі жобалар, одан да үлкен жетістіктер бізді күтіп тұр» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар