Солтүстік Ағым 2 жобасы аяқтау алдында

10 миллиард евроға бітетін Солтүстік Ағым 2 Табиғи газ жобасымен жылына 55 миллиард текше метр орыс газын Балтық теңізі арқылы Германияға тасымалдау жоспарлануда.

1703546
Солтүстік Ағым 2  жобасы аяқтау алдында

Солтүстік Ағым 2 Табиғи газ жобасында соңғы құбырдың төселгені және желінің жылдың соңына дейін қызметке берілуі жоспарланғаны білдірілді.

Солтүстік Ағым 2 Табиғи газ жобасының орыс атқарушы компаниясы  Nord Stream 2 AG жасаған мәлімдемесінде жоба аясында міндет атқарған Фортуна кемесінің соңғы құбырды дәнекерлеу жұмыстарын Балтық теңізінде аяқтағаны хабарланды.

Келесі сатыда Германиядан келетін құбыр желісінің Дания тарапынан келетін желімен бірлестірілетіні білдірілген мәлімдемеде:

"Құбыр желісінің жыл соңынан бұрын қызметке берілуі нысанасымен жұмыстар жасалғаны" атап көрсетілді.

10 миллиард евроға бітетін Солтүстік Ағым 2 Табиғи газ жобасымен жылына 55 миллиард текше метр орыс газын Балтық теңізі арқылы Германияға тасымалдау жоспарлануда.

Украина, Польша мен Балтық елдері қарсы шыққан жобаның ортақтары арасында  жоба иесі Газпроммен бірге Shell, OMV, Engie, Uniper және Wintershall компаниялары бар.

АҚШ пен Германия 22 маусымдағы шешіммен Солтүстік Ағым 2 Табиғи газ құбыр желісі жобасын бітіруге рұқсат берген келісімге келді.



Ұқсас жаңалықтар