Ердоған Орта мерзімді бағдарлама жайлы мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Орта мерзімді бағдарламаны  Twitter-дегі парақшасында жариялады.

1703810
Ердоған Орта мерзімді бағдарлама жайлы мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған келесі үш жылдың экономикадағы жол картасын белгілеген Орта мерзімді бағдарламаны  Twitter-дегі парақшасында жариялады. 

Мәлімдемеде үлкен және күшті Түркияның құрылуы жолында маңызды бір қадам болатын Орта мерзімді бағдарламаның Түркияға және түрік халқына қайырлы болуын тілеген Президент Ердоған бағдарламаның дайындалуында еңбегі сінген барлық орган мен ұйымдарға алғыс айтты. 

Президент Режеп Тайып Ердоған былай деді: "Орта мерзімді бағдарлама арқылы жылдық орташа есеппен экономика 5,3 пайыз деңгейінде өседі, жұмыспен қамдауда 1 миллион 170 мың адам жұмыспен қамтамасыз етіледі, орталық басқару бюджет кемшілігі ұлттық кіріспен салыстырғанда 2,9 пайыз болады, ұлттық кірісіміз биыл 800 миллиард доллардан асады. Бағдарлама мерзімі аяғында да 1 триллион доллар дейгейіне жеткіземіз". 

 



Ұқсас жаңалықтар