Өндірісін уақытша тоқтатады

Өндірістің тоқтауы айлық өндіріс жоспарын 40 пайыз төмендетеді.

1694972
Өндірісін уақытша тоқтатады

Toyota Франциядағы базасында өндірісті екі аптаға тоқтатады. Бұл шешімге коронавирус эпидемиясына байланысты кейбір өнімдердің жеткізілуіндегі кемшіліктер себеп болған.

Toyota компаниясы Франциядағы базасында 23 тамызда басталуы жоспарланған өндірістің 6 қыркүйек күніне дейін тоқтайтынын білдірді.

Toyota Yaris моделі өндірілетін базада жұмыс істейтін бес мың қызметкердің 4500-інің жұмысы уақытша тоқтап қалады. Олар жалақыларының 84 пайызын алады.

Өндірістің тоқтауы айлық өндіріс жоспарын 40 пайыз төмендетеді.



Ұқсас жаңалықтар