Шетелдіктерге 6 айда 20 мың 488 үй сатылды

Стамбулда 10 мың 108 үй шетел азаматтарына сатылды.

1674178
Шетелдіктерге 6 айда 20 мың 488 үй сатылды

Түркияда жылдың алғашқы жартысында шетелдіктерге тұрғын үй саудасы өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 44 пайыз артты.

Қаңтар мен маусым айларында 20 мың 488 тұрғын үй сатылып, тарихтағы ең жоғарғы санақ ретінде тіркелді.  

Түркия Статистика мекемесі үй саудасы деректерін жариялады. Осыған орай Түркия көлемінде тұрғын үй саудасы қаңтар айында 2 мың 675, ақпан айында 2 мың 964, наурыз айында 4 мың 248, сәуір айында 4 мың 77, мамыр айында 1776, мауым айында 4 мың 748 болды.

Осылайша шетелдіктерге тұрғын үй саудасы жылдың алғашқы жартысында өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 44 пайыз артып,  20 мың 488 тұрғын үй сатылды.

Қаңтар мен маусым айларында шетелдіктерге ең көп үй Стамбулда сатылды. Стамбулда 10 мың 108 үй шетел азаматтарына сатылды. Одан кейінгі қатарда Анталияда 3 мың 990 үй, Анкарада 1276 үй,  Мерсинде 951 үй және  Яловада 584 үй сатылды.

Осы кезеңде ең көп тұрғын үй Иран азаматтарына сатылды, олар 3 мың 70 тұрғын үй сатып алды. 

Ирак азаматтары Түркияда 3 мың 19 үй сатып алды.  Одан кейінгі қатарда 1759 үймен Ресей, 1277 үймен Ауғанстан және 726 үймен Германия азаматтары келеді.



Ұқсас жаңалықтар