Өнеркәсіптік өндіріс артты

Түркия статистикалық мекемесі мамыр айының өнеркәсіптік өндіріс индексінің қорытындысын жариялады.

1674697
Өнеркәсіптік өндіріс артты

Мамыр айында өнеркәсіптік өндіріс индексі айлық тұрғыдан 1,3 пайыз, жылдық тұрғыдан 40,7 пайызға өсті.

Түркия статистикалық мекемесі мамыр айының өнеркәсіптік өндіріс индексінің қорытындысын жариялады.

Осыған қарағанда мамырда күнтізбелік түзетілген өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 40,7 пайызға өсті.

Өнеркәсіптің кіші салаларына талдау жүргізген кезде тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласы индексі 33.4, өңдеу өнеркәсібінің индексі 42.8 пайызға және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және климаттық өндіріс пен тарату саласы индексі 20,9 пайызға өсті.

Түзетілмеген өнеркәсіптік өндіріс индексі де жылдық негізде 39,5 пайызға ұласты.

Маусым және күнтізбелік түзетуден тыс өнеркәсіп өндірісі сәуір айымен салыстырғанда мамырда 1,3 пайыз болып жүзеге асты



Ұқсас жаңалықтар