Стамбул әуежайы-Еуропа үздігі

Стамбул Халықаралық Сабиха Гөкчен әуежайы 491 ұшақ рейсімен алтыншы, Анталия әуежайы 303 ұшақ рейсімен 13-ші қатарда тіркелді.

1659417
Стамбул әуежайы-Еуропа үздігі

Стамбул әуежайы бір күнде 635 ұшақ рейсімен Еуропадағы лидерлігін қорғады.

Еуропа Авиация сапар қауіпсіздігі ұйымының (EUROCONTROL) күндік ең көп ұшақ ұшырған әуежайлары рапортына қарағанда Стамбұл әуежайы бір күнде 635 ұшақ рейсімен Еуропадағы лидерлігін қорғап қалды.

Париж Charles de Gaulle әуежайы 602 ұшақ рейсімен екінші болды. 

 558 ұшақ рейсімен Amsterdam Schiphol әуежайы үшінші орынды иеледі.

Франкфурт әуежайы  535 ұшақ рейсімен төртінші болды.

Мадрид Барахас әуежайы 534 ұшақ рейсімен бесінші, Стамбул Халықаралық Сабиха Гөкчен әуежайы 491 ұшақ рейсімен алтыншы, Анталия әуежайы 303 ұшақ рейсімен 13-ші қатарда тіркелді.

Рапордта Париж, Брюссель, Анталия, Милано, Варшава ұшақ рейстерінің 2 аптада ерекше қарбалас болғаны және  орташа мөлшерден 8 пайыз артқаны хабарланды. 



Ұқсас жаңалықтар