Шетелдіктерге үй саудасы артты

Ең көп Ирак азаматтары үй сатып алды.

1657732
Шетелдіктерге үй саудасы артты

Түркияда шетелдіктерге тұрғын үй саудасы мамыр айында 106,5 % артты.  Шетелдіктерге 1776 үй сатылды.

Түркия Статистика мекемесі мамыр айының үй саудасы деректерін жариялады. Осыған орай Түркия көлемінде тұрғын үй саудасы мамыр айында өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 16,6% артты.

Мамыр айында шетелдіктерге 1776 үй сатылды.

Шетелдіктерге ең көп үй Стамбулда сатылды. Стамбулда 818 үй шетел азаматтарына сатылды. Артынан (341) Анталия, (106) Анкара, (80) Мерсин және (75) Сакария келеді.

Мамыр айында Ирак азаматтары Түркияда 239 үй сатып алды. Ирак азаматтарынан кейін 231 үймен Иран, 119 үймен Ресей, 98 үймен Ауғанстан және 87 үймен Германия азаматтары келеді.



Ұқсас жаңалықтар