Иран өз вакцинасына рұқсат берді

Иранда COVIRAN Bereket вакцинасының қолданылуына рұқсат берілді.

1657729
Иран өз вакцинасына рұқсат берді

Иран Денсаулық сақтау министрі Саид Немеки коронавирусқа қарсы жетілдірілген отандық COVIRAN Bereket вакцинасының қолданылуына рұқсат берілгенін білдірді.

Орталық уәлаяттың бас қаласы Еракта мәлімдеме жасаған министр отандық екпелердің соңғы жағдайы туралы хабарлады.  Ол COVIRAN Bereket вакцинасына рұқсат берілгенін, Pastor, Razi Cov Pars және Fahra вакциналарына да артынан рұқсат берілетінін білдірді.

Иран COVIRAN Bereket вакцинасын 29 желтоқсан күні адамдарда сынап, табысты нәтиже алғандарын хабарлаған болатын. Ғылыми кеңестің басшысы Мұхаммед Мухбирдің қызы Таиибе Мухбир вакцина егілген алғашқы ерікті болып еді.



Ұқсас жаңалықтар