Түркия 39 елге ақсерке экспорт етті

Биылғы 5 айда 22 мың 728 тонна Қаратеңіз ақсерке балығы экспортынан 113 миллион 510 мың 943 доллар кіріс кірді.

1654975
Түркия 39 елге ақсерке экспорт етті

Түркиядан қаңтар мен мамыр айларында Ресей, Германия және Вьетнамды қамтыған 39 елге Қаратеңіз ақсерке балығы экспорт етілді. 

Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар одағының санағына қарағанда  жылдың алғашқы 5 айында 22 мың 728 тонна Қаратеңіз ақсерке балығы экспортынан 113 миллион 510 мың 943 доллар кіріс кірген.

Қаратеңіз ақсерке балығы экспорты өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 128 пайыз, құны 116 пайыз артқан.

Ресей, Германия және Вьетнам 39 ел арасында Қаратеңіз ақсерке балығы экспортында алғашқы үш орынды иеледі.

Ресейге 68 миллион 289 мың 366 долларлық, Германия 26 миллион 552 мың долларлық және Вьетнамға 4 миллион 97 мың долларлық ақсерке балығы экспорт етілді.



Ұқсас жаңалықтар