"Қаратеңізде жаңа табиғи газ ұңғымалары ашылуы мүмкін"

Министр Дөнмез 4-ші Түркия Энергетика және табиғи ресурстар саммитіне қатысты.

1653281
"Қаратеңізде жаңа табиғи газ ұңғымалары ашылуы мүмкін"

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез биыл Қаратеңіздегі Сакария табиғи газ орнының оңтүстік немесе батысында жаңа табиғи газ резервтері іздеу мақсатты тағы бір бұрғылау ұңғымасы ашылатынын атап көрсетті.

Министр Дөнмез 4-ші Түркия Энергетика және табиғи ресурстар саммитінің арнайы отырысының артынан БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап қайтарды.

«Фатих» бұрғылау кемесінің өткен жылы Сакария табиғи газ орнындағы «Туна-1» ұңғымасында 405 миллиард текше метрлік газ ашуының артынан өндіріс және инженерлік жұмыстары үшін мәліметтер жинау мақсатымен «Түрікали-1» және «Түрікали-2» ұңғымаларын ашқанын еске салған Дөнмез бұл ұңғымалардан алынған нәтижелердің «Туна-1» ұңғымасының мәліметтерін растағанын білдірді.

Фатих Дөнмез сондай-ақ аймақта 10 мың шаршы шақырымдық аумақта сейсмикалық зерттеу жүргізілгеніне де назар аударып, Сакария газ орнының солтүстік шығысындағы «Амасра-1» ұңғымасында бұрғылау жұмыстарының шамамен 2 ай бұрын басталғанын және 135 миллиард текше метр табиғи газ ашылғанын атап көрсетті.

Түркияның Қаратеңізде бір жылдың ішінде үш маңызды жаңалық ашқанын айтқан Дөнмез осылайша қол жеткізілген резервтердің жалпы 540 миллиард текше метрге жеткенін мәлімдеді.

Дөнмез Түркияның осы жаңалықтармен «тұтынушы елден» табиғи газды «өндіруші елге» көшкеніне назар аударып, «Сакария табиғи газ кен орнының солтүстік шығысындағы «Амасра-1» ұңғымасы зерттелді. Ағымдағы жылы сол кен орнының оңтүстік немесе батысында зерттеу мақсатты бір бұрғылау ұңғымасының ашылуы мүмкін. Кешегіге қарағанда Қаратеңізде қосымша резервтер табылатынына сенімдіміз. Жұмыстар жоспарланған кестеге сәйкес жалғасуда. Үлкен бір кемшілік болмаса, 2023 жылы осы газды пайдаланатын боламыз» деді.

Жерорта теңізінің шығысындағы жұмыстар туралы да мағлұмат берген министр Дөнмез қазірге дейін аймақта 8 бұрғылау жүргізілгенін және кейбір бұрғылау жұмыстарында оң белгілер байқалғанын баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар