Автомобиль экспорты еселеп артты

Автомобиль өнеркәсібінің ең ірі нарқы Германияға мамырда 75 пайыздық артумен  318 миллион долларлық экспорт жасалды.

1652686
Автомобиль экспорты еселеп артты

Түркия экспортында соңғы 15 жылдан бері сектордың бірінші болып келген автомобиль өнеркәсібі саласы мамыр айында өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 56.5 пайыз артумен 1.9 миллиард доллар экспорт жасады. 

Ұлыдағ Автомобиль өнеркәсіпшілері экспортшылар одағынан жасалған мәлімдемеде өткен ай жабдықтау өнеркәсібі, жеңіл автомобильдер мен автобус-мидибустар экспорты еселеп артқаны білдірілді.

Алғашқы 5 айда автомобиль өнеркәсібі экспорты өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 37 пайыз артумен 12 миллиард долларға жетті. 

Автомобиль өнеркәсібінің ең ірі нарқы Германияға мамырда 75 пайыздық артумен  318 миллион долларлық экспорт жасалды.

Екінші орындағы Францияға 67 пайыздық артумен  241 миллион долларлық өнім жолданды. 

Үшінші орындағы Италияға жасалған экспорт 92 пайыздық артумен 133 миллион долларға жетті.



Ұқсас жаңалықтар