Кейбір елдерден келген жолаушылар карантинге алынады

Бүгіннен бастап Бразилия және Оңтүстік  Африкаға рейс тыйымдары алынып тасталды.

1649453
Кейбір елдерден келген жолаушылар карантинге алынады

Түрік авиакомпаниясы кейбір пункттерге басталған рейстері мен қай елдерге саяхатта тест анықтамасы керектігі жөнінде хабарлама жариялады.

Түрік Әуе жолдарының хабарламасына қарағанда, қалыпты өміге өту процесі шеңберінде бүгіннен бастап Бразилия және Оңтүстік  Африкаға рейс тыйымдары алынып тасталды. Айырықша кейбір елдерден келетін жолаушылардан Түркияға кіргеннен 72 сағат бұрын берілген тест анықтамасы сүралады.  Бұл жолаушылар 14 күн карантинге алынады. Негатив тест анықтамасы талап етілетін елдер - Ауғанстан, Бангладеш, Бразилия, Оңтүстік Африка, Үндістан, Непал, Пәкістан, Шри-Ланка, Ұлыбритания, Иран, Мысыр және Сингапур.

Айырықша осы елдерден басқа елдерден Түркияға келетіндерден кемінде 14 күн бұрын вакцина салдырғаны немесе/және соңғы алты айда ковидпен ауырғаны туралы ресми құжат көрсеткен жағдайда тест анықтамасы талап етілмейді. Сонымен бірге карантинге де алынбайды.

Жоғарыда аты аталған елдер тысындағы елдерден келген жолаушылар вакцина сертификаты немесе ковидпен ауырғаны туралы құжатын көрсетпесе, кіргеннен 72 сағат бұрын алынған тест анықтамасын көрсету жеткілікті болады.



Ұқсас жаңалықтар