Түрік авиакомпаниясына сыйлық

"Travel Plus" Түрік Әуе жолдарын төрт категорияда марапаттандырды.

1645460
Түрік авиакомпаниясына сыйлық

Жыл сайын жаһандық деңгейде авиакомпаниялардың қызметтеріне сыйлық беретін "Travel Plus" Түрік Әуе жолдарын төрт категорияда марапаттандырды.

THY Баспасөз хатшылығының хабарламасына қарағанда, "Travel Plus" байқауының биылғы категорияларының мазмұны эпидемияға байланысты «Гигиена», «Тұрақтылық» және «Медицина» саласындағы жаңа стандарттарға орай пішінделді.

Осы аяда түрік авиакомпаниясы жолаушыларға ұсынған гигиеналық қорап, төсек және құлаққап өнімдері пакеттелген қораптар, балалар үшін арнайы жобаланған ойыншықтар, ұшақтағы ойын-сауық жүйелері және ұшу барысында жолаушыларға теңдесі жоқ ұшу тәжірибесін беретін «Planet» арқылы алға шықты.

THY “Жолаушы гигиена» қорабы, «Тұрақты қораптау бастамасы», «Балалар денсаулығы» және «Жолаушы денсаулығы технологиясы» категориясында "Gold standart" сыйлығына лайықты деп табылды.



Ұқсас жаңалықтар