Түркияның жағажайлары таза

Түркия 519 «көгілдір байрақты» жағажайымен әлемде үшінші орын алды.

1642728
Түркияның жағажайлары таза

Түркия 519 «көгілдір байрақты» жағажайымен әлемде үшінші орын алды.

Қоршаған орта және қала министрі Мурат Курум инвестициялар арқылы теңіз су сапасының қорғалғанын және жыл сайын жақсарып келе жатқанын айтты. Ол осының нәтижесінде тза теңіздердің көрсеткіші болып саналатын көгілдір байрақ алған жағажай санының артқанын білдірді.

Министр «Нөльдік қалдық көгілдір» жобасы аясында 85 мың тонна теңіз қоқысы жиналғанын, кемелердің қалдық бақылау жүйесі арқылы тексеру жүргізгенін айтты. «Осы жұмыстардың жемісін алып отырмыз.  Еліміз 2021 жылы 519 көгілдір байрақты жағажайымен әлемде үшінші орында. 2023 жылы үшін алға қойылған мақсат – әлем үздігі болу» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар