Министр Варанк өнеркәсіп саласының жұмыспен қамту көрсеткіштерін бөлісті

Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Твиттерден мәлімдеме жасады.

1640873
Министр Варанк өнеркәсіп саласының жұмыспен қамту көрсеткіштерін  бөлісті

Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк өнеркәсіптік саладағы жетістіктің жұмыспен қамтуға үлес қосуды жалғастырғанын мәлімдеді.

Министр Варанк жеке Твиттер аккаунтынан жариялаған хабарламасында Түркия статистикалық мекемесі жариялаған наурыз айындағы жалақылы істейтін жұмысшылардың статистикасын бағалады.

«Өнеркәсіптік саладағы жетістіктің жұмыспен қамтуға үлес қосуды жалғастырғанына» назар аударған Варанк «Наурыз айында өнеркәсіптік салада тіркеулі жұмыспен қамту өткен аймен салыстырғанда 56 мың, өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 392 мыңға көбейіп, 4 миллион 597 мыңға өсті. Біз өндіріс арқылы өсетін боламыз» деді.

Министр Варанк мәлімдемесінде айлық тұрғыдан өнеркәсіптік салада тіркеулі жұмыспен қамтудың сандық графикасын да бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар