Тұздалған көкөніс экспорты артты

Тұздалған көкөніс экспортында бірінші орынды 23 миллион 786 мың доллармен Германия иеледі.

1640112
Тұздалған көкөніс экспорты артты

Түркияның қаңтар-сәуір маусымындағы тұздалған көкөніс экспорты өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 14 пайыз артып, 88 миллион 533 мың долалрға ұласты.  

Эгей экспортшылар одағының санақтарына қарағанда Түркияның 2020 жылғы тұздалған көкөніс экспорты алдыңғы жылмен салыстырғанда 23 пайыз артып, 225 миллионнан 277 миллион долларға жетті.  

Бұл санақ тұздалған көкөніс экспортында Түркия Республикасы тарихының ең жоғарғы санағы ретінде тіркелді. 

Тұздалған көкөніс экспортында бірінші орынды 23 миллион 786 мың доллармен Германия иеледі. 

 


Этикеттер: #көкөніс , #Эгей , #экспорт

Ұқсас жаңалықтар