Вакцинаның жаңа партиясы келіп жетті

Қытайдан вакцинаның жаңа партиясы келіп жетті.

1638478
Вакцинаның жаңа партиясы келіп жетті

Қытайдың  Sinovac фирмасы өндірген CoronaVac вакцинасының жаңа партиясын тасыған ұшақ Түркияға келіп жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасына қарағанда, ұшақ таңда Анкарадағы әуежайға келіп қонды.

Вакциналар әуежайдағы кеден істерінен кейін Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Халық денсаулығы бас дирекциясының қоймасына жеткізілді. Хабарламада «Вакциналар қажетті бақылау жұмыстары атқарылғаннан кейін Түркия бойынша ауруханалар және медициналық орталықтарға жеткізіледі» деп айтылды.

Қытайдың фирмасымен барлығы 100 миллион доза вакцина үшін келісім жасалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар