Түрік әуе кеңістігінен 27 секундта 1 ұшақ ұшып өтті

Түрік әуе кеңістігінен осы жылдың алғашқы 4 айында 27 секундта 1 ұшақ ұшып өтті.

1635926
Түрік әуе кеңістігінен 27 секундта 1 ұшақ ұшып өтті

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індеті салдарынан барша әлемде ұшақ рейстерінің шектелуіне қарамастан осы жылдың алғашқы 4 айлық мерзімінде түрік әуе кеңістігінен орташа есеппен 27 секундта 1 ұшақтың ұшып өткенін білдірді.

Министр Караисмаилоғлу Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде өткен жылдың басынан бастап барлық әлемді дүр сілкіндірген ковид-19 індеті салдарынан әуе жолы саяхаттарында шектеме болғанын еске салды. Караисламоғлу сонымен қатар  түрік әуе кеңістігінде осы жылдың 4 айлық мерзімінде Түрік әуе жолдарының ішкі және сыртқы жолаушы терминалында рейстердің тоқтаусыз ұшқаны жайлы мағлұмат берді. 

 



Ұқсас жаңалықтар