Жүргізушісіз такси қызмет бере бастады

"Robotaxi" деп аталатын қызмет Пекинде басталды.

1634474
Жүргізушісіз такси қызмет бере бастады

Қытайдың Baidu технологиялық компаниясы елде жүргізушісіз такси қызметін бастатты.

"Robotaxi" деп аталатын қызмет Пекинде басталды. Қызметтен пайдаланатын кісілер көлікті "Apollo Go"  атты мобильдік қосымша арқылы шақыруы тиіс. Көлік келгенде кодпен есіктері аылады және сапар басталады.

Шамамен үш км қашықтықта қызмет беретін жүргізушісіз ақылы такси қызметінде жолаушылардан мінген сайын 30 юан ақы алынады. Әзірге компания он көлікпен 8 жерге қызмет көрсетеді. Артынан бұл қызмет басқа қалаларға да тарайды.

Елде  Baidu компаниясынан басқа да Didi фирмасының жүргізушісіз такси қызметі жүріп тұр.



Ұқсас жаңалықтар