Венесуэлада айлық 1 кило ет алуға жетпейді

Венесуэлалықтардың қазіргі жалақысы бір килограм қатық пен бір литр сүт сатып алуға ғана жетеді.

1632465
Венесуэлада айлық 1 кило ет алуға жетпейді

Венесуэла президенті Николас Мадуро биыл алғаш рет арттырған ең төменгі жалақы тағы да арттырылды, алайда бұл арту халықтың 1 килограм ет сатып алуына жетпейді.

Экономикалық дағдарыстағы және инфляция мөлшері әлемдегі ең жоғары ел болған Венесуэлада  жеткілікті болмағанымен осы жағдайды жеңуге талпынған бір қадам басылды.

Еңбек министрі Эдвардо Пинати астана Каракаста өткен 1 мамыр іс-шарасында ең төменгі жалақының үш есе өсілітетінін жариялады. 

Осылайша 1.8 миллион боливар болған (мөлшермен 1 доллар) ең төменгі жалақы 7 миллион боливарға (мөлшермен 2.50 доллар) көтерілді.

Елде еттің килограм бағасы 3.75 доллар. Халық осы өсірілген жалақысымен бір килограм ет те ала алмайды. 

Пинате қызметкерлерге берілетін азық-түлік жәрдемімен жалақының 3.50 долларға көтерілетінін "сүйіншіледі."

Венесуэлалықтардың қазіргі жалақысы бір килограм қатық пен бір литр сүт сатып алуға ғана жетеді.   



Ұқсас жаңалықтар