Сәуір айының экспорт көрсеткіштері жарияланды

Сәуір айында барлық уақыттардың ең жоғарғы сәуір айы экспорт көрсеткішіне қол жеткізілді.

1633064
Сәуір айының экспорт көрсеткіштері жарияланды

Сауда министрі Мехмет Муш бас қала Анкарада жасаған мәлімдемеде «Сәуір айында экспортымыз 109 пайыз өсіп, 18,8 миллиард доллар болды. Бұл барлық уақыттардың ең жоғары сәуір айы экспорты» деді.

Пандемия алдында 2019 жылмен салыстырғанда экспорттың сәуір айында 22,3 пайызға артып, экспорттың пандемияға дейінгі көрсеткіштерден асқанын білдірген министр Муш сәуір айы сыртқы сауда тапшылығының, өткен жылдың бірдей уақытымен салыстырғанда 31,9 пайыз азайып, 4,6 миллиард доллардан 3,1 миллиард доллар төмен шегерілгенін мәлімдеді.

Сауда министрі экспортты импортпен салыстырғанда сәуір айында 19,5 ұпай өсіп, 85,7 пайызға көбейгені атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар